Роза Рымбаева өзін кедей әншілердің қатарына қосты

23.02.2025 09:39 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Роза Рымбаева өзін кедей әншілердің қатарына қосты
0
480
ашық дереккөз

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тойларға шығуға ұялатындығын айтты. Бұл туралы ол белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.

Әншінің айтуынша, ол тойларға өте сирек қатысады:

"Мен тойға өте сирек шығамын. Ары кетсе, айына бір рет қана. Жалпы, мен той әншісі емеспін. Менің репертуарым тойға арналмаған. Сондықтан мені әндерімді ұнататын және әнші ретінде мойындайтын адамдар ғана шақырады", – деді Рымбаева.

Роза Рымбаева сұхбат барысында той әншілері үшін тойлардың негізгі табыс көзі екенін де атап өтті:

"Кеңес заманында аз болса да тойлар болатын. Мен тойға шығуға ұялатынмын. Қазір бұл – қалыпты жағдай. Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Соның ішінде мен де бармын", – деді ол.

Әншінің сөздерінен оның өнерді коммерциядан жоғары қоятыны байқалады. Роза Рымбаева өз репертуарының той форматтарына арналмағанын айтып, сахнада сапалы өнер көрсету – басты мақсаттарының бірі екенін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий