Руслан Өтепбай құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын айтты

03.03.2026 11:02 Мөлдір Талғат
Руслан Өтепбай құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын айтты
492
Фото: ашық дереккөз

Танымал журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, Құндыз бен Назгүлдің жағдайын білді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналисттің айтуынша, соңғы күндері оқырмандар апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыздың тағдырына алаңдап, олардың қазіргі жағдайын жиі сұраған. Осыған байланысты ол арнайы Тараз қаласына барып, қыздардың хал-ахуалын өз көзімен көріп қайтқан.

Руслан Өтепбайдың сөзінше, қазір қос қарындас Тараздағы арнайы қолдау орталығына орналастырылған.

«Соңғы күндері көп оқырман апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыздың жағдайын сұрап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Соған орай арнайы Тараз қаласына барып, қос қарындасымның жағдайынан хабар алып қайттым. Қазір қыздар Тараз қаласындағы арнайы орталықта ем қабылдап, сонда тұрып жатыр. Жағдайлары жақсы, көңіл-күйлері көтеріңкі. Орталықта оларға ем-дом жасалып қана қоймай, жатын орынмен де толық қамтамасыз етілген», – деді журналист.

Ол қыздарды өз атына рәсімдеп алғысы келгенін, алайда бойдақ болғандықтан құжат рәсімдеу барысында қиындықтар туындағанын да жасырмады. Дегенмен ең бастысы – апалы-сіңлілердің қауіпсіз ортада, дәрігерлер мен мемлекеттік органдардың бақылауында екені айтылды.

«Дегенмен ең бастысы – апалы-сіңлі қазір қауіпсіз ортада, дәрігерлердің және мемлекеттің бақылауында. Ал мен дәл осылай ара-кідік жағдайларын білуге келіп тұрамын. Қоштасарда Құндыз бен Назгүл: “Біз үшін алаңдап жатқан барша қазақ еліне сәлем айтыңызшы”, – деп өтінді.

Ағайын, тағдыр талқысында қалған осы қыздарға жанашыр болып, дұға жасап жүрген баршаңызға үлкен рақмет. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын», – деп түйіндеді Руслан Өтепбай.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий