Сәбина Алтынбекова ажырасуға не себеп болғанын астарлап жеткізді

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқаны туралы мәлімдеп қана қоймай, оның себептері жайлы да тұспалдап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ madeniportal.kz-ке сілтеме жасап.
Жанкүйерлердің сүйікті спортшысы Instagram парақшасында жеке өміріндегі өзгеріс туралы хабарлағаннан кейін, әйелдің өмірінде шынайы құндылықтарды таңдауы маңызды екенін баса айтып, ой салатын жазба жариялады.
«Басқалардың пікірлері өз ойыңнан басым түсетін әлемде өзіңе адал болу – маңызды құндылық. Бұл жай ғана ішкі мән емес, бұл – өзіңе деген құрмет пен шынайы махаббат. Мұндай күй рұқсат сұрамайды, мақұлдауды күтпейді, өз болмысынан тартынбайды», – деп жазды Алтынбекова.
Ол сондай-ақ, шынайы құндылықтың өзгелердің бағалауымен өлшенбейтінін атап өтті. Бұл пікір оның өмірлік ұстанымын айқындай түсіп, өзіндік көзқарасын айқын көрсетті.
Желі қолданушылары волейболшыны белсенді түрде қолдап, оның сұлулығы мен батылдығын атап өтті.
«Өзіңе адал бол», «Ажырасқаныңа қуаныштымын, мен сені сүйемін», «Сұлулықтың тамаша үлгісі!», «Сұлу, бақытты бол!», «Бір ғана өмір бар, ол сенікі. Тек өз жүрегіңді тыңда, басқалардың пікірі маңызды емес!» – деп жазды спортшының жанкүйерлері.
Бұл оқиға Сабина Алтынбекованың тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ ішкі жан дүниесінің беріктігімен де танымал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Соңғы жаңалықтар





