«Салған ақшаң артады»: 50 жасқа дейін бәс тікпегенін айтқан Сәкен Майғазиев күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желілерде көпшілікті құмар ойын ойнауға шақырған видеолардан сақ болуды ескертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, желіде тараған видеода әншінің бейнесі жасанды интеллект арқылы жасалған.
«Жасанды интеллектімен жасалған жалған бейнежолдау! 50 жасыма дейін бәс тігіп көрмегенмін. Алдағы қалған өмірімде де бір АЛЛА құмар ойыннан сақтасын! Сіздерді де лудоманияға жақындамауға шақырамын», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Жел қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, соңғы кездері алаяқтардың көбейіп кеткенін жазды.
Айта кетейік, соңғы кездері жасанды интеллект арқылы танымал әншілердің, депутатттардың бейнесі арқылы жарнама жасаушлыра көбейіп кетті. Бұған дейін Ерке Есмахан да онлайн-казиноға еш қатысы жоқ екенін айтып, ақталған болатын.
Тіпті, жасанды интеллект арқылы жасалған Қыдырәлі Болманов пен жас қыздың сүйісіп тұрған видеосы да желіде кеңінен таралып кеткен еді.
Соңғы жаңалықтар