SAMAL компаниясы Айсара Керімбековаға тұрмыстық техника сыйлады

SAMAL компаниясы Айсара Керімбековаға тұрмыстық техника сыйлады
15.07.2025 10:28
0
174
Коллаж POLITICO.KZ

SAMAL компаниясы Айсара Керімбековаға тұрмыстық техника сыйлады

Өткен аптада журналист Нұрсейіт Жылқышбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы ел ішінде үлкен резонанс тудырды. Онда бірнеше жыл бұрын әлем чемпионаттарында ел намысын қорғаған, жүлделі орындар алған самбошы Айсара Керімбекованың бүгінде қарапайым аула сыпырушы болып жұмыс істейтіні айтылған. Бұл ақпарат қазақстандықтарды бейжай қалдырмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары чемпионның осындай күйге түсуіне қынжылып, спорт саласындағы жауапты тұлғаларды сынға алды. Қоғамдық пікірдің күшеюінен кейін Мәдениет және спорт министрлігі ардагер спортшыларға тұрақты қолдау көрсететін арнайы тізім құрастырып жатқанын хабарлады.

Алайда нақты іске алғашқылардың бірі болып кіріскен SAMAL компаниясы. Таза ауыз су өндіретін бұл кәсіпорын Айсара Керімбековаға тұрмыстық техника мен су қорын жеткізіп, шынайы қолдау көрсетті. Компания өкілдері бұл бір реттік акция емес екенін, алдағы уақытта да спорт ардагерлеріне жүйелі түрде көмектесуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

"Спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз! Samal — қамқорлық, құрмет пен алғыс үшін", - делінген жазбада.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий