Сапарбай Жұбаев: ҚҚС бойынша дамыған елдердің тәжірибесін қарау керек

Сапарбай Жұбаев: ҚҚС бойынша дамыған елдердің тәжірибесін қарау керек
09.02.2025 20:17
0
81
qazaqstan.tv

Қоғам, бизнес және халық арасында кең талқыға түскен ҚҚС мәселесі қазіргі кезде ең өзекті тақырыптың біріне айналды. Осы тұрғыдан біз экономикалық сарапшы Сапарбай Жұбаевтың пікірін білген едік, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жалпы дамыған елдердің қосымша құн салығына (ҚҚС) қатысты тәжірибесін қарайтын болсақ, оларда 25-27 пайыз аралығында. Міне осы елдердің тәжірибесін қарау керек. Сондықтан біздің елде де ҚҚС-ны 20 пайызға көтергісі келген сияқты. Алайда ірі бизнес пен олигархтар, соның ішінде мұнай-газ, ірі сауда-саттықпен айналысытандар бұған қарсы. Сондықтан олардың мүддесі үшін ҚҚС 16-18 пайыз болуы мүмкін, - дейді сарапшы. 

Оның айтуынша, жалпы салыққа қатысты бұл реформа бюджетті толтыру үшін жасалып жатқан қадамдар. 

ҚҚС-ны арттыру бюджет тапшылығының мәселесін шешу аясында қарастыру қажет. Себебі қазір еліміздің бюжеті өте үлкен тапшылыққа тап болды. Ұлттық қордың арқасында әзірге жағдай тұрақты. Мысалы былтыр 21 трлн теңге шығын болса, салық тек 12 трлн теңге жиналған. Сол 9 трлн тапшылықтың 5-6 трлн теңгесін Ұлттық қормен жапты. Сондықтан ҚҚС-ны арттыру экономиканы дамытқан гөрі, бюжет мәселесін шешуге бағытталған шара. Бұл жерде сол ірі бизнестің жеңілдіктерін азайту керек, - деді ол.

Сондай-ақ экономикалық сарапшы сараланған ҚҚС-ты барынша қолдайтынын айтты. 

Әрине сараланған ҚҚС жақсы. Мысалы ауыл шаруашылығы, шағын бизнес өңілдері ҚҚС төлемейді. Әр салаға байланысты сараланған ҚҚС болу үшін бәрін дұрыстап талқылап, зерттеу қажет, - деді Сапарбай Жұбаев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий