Сауд Арабиясының энергетикалық компаниясы Қазақстанның пилоттық жобаларына қызығушылық танытты
648
Сауд Арабиясының астанасында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда жергілікті «Acwa Power» компаниясы Каспийдің Қазақстанға тиесілі аймағында жаңартылатын энергия кешенін салу жобасына қызығушылық танытты.
Бұл туралы Энергетика министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомство ақпараты бойынша, арабиялық «Acwa power» компаниясының басшысы Қазақстандағы тасқын жоюға қолдау көрсетуге дайын екендерін айтқан.«Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Эр-Риядтағы Дүниежүзілік экономикалық форумның арнайы сессиясына қатысып, Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Абдулазиз әл Саудпен, ОПЕК Бас хатшысы Хайтам Әл Гаис (Haitham Al Ghais), ACWA Power Төрағасы Мұхаммед Абунаянмен (Mohammad Abdullah Abunayyan), сондай-ақ бірқатар халықаралық мұнай-газ компанияларының өкілдерімен кездесті. Форум аясында энергетика министрі «Chevron» компаниясының халықаралық барлау және өндіру жөніндегі президенті Клэй Неффпен кездесті. Кездесуде тараптар Теңіз кен орнын игеруге, Қарашығанақ кен орнын игеруге қатысты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды және басқа да мәселелерді талқылады», - делінген министрлік мәліметінде.
«Acwa Power» компаниясының төрағасы Мұхаммед Абунаян мырза Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құруға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, компания Қазақстандағы «жасыл сутекті» дамыту жобаларына қызығушылық танытып отыр. Осы бағытта қазақстандық компаниялармен пилоттық жобаларды қарастыруда. Сондай-ақ, «Acwa power» басшысы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға қолдау көрсетуге уәде берді», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
09:18
Өскеменде зейнеткер көпқабатты үйдің екінші қаб...
18.09.2026
23:15
Таразда су арнасынан жаңа туған сәбидің денесі ...
18.09.2026
22:21
Иманғали Тасмағамбетовтің әулетіндегі қуаныш ту...
18.09.2026
21:57
Салтанат Байқошқарова: Ауылдағы баласы көп әжен...
18.09.2026
21:48
“Өз өмірін қатерге тікті”: Атырауда мешіт ұстаз...
18.09.2026
21:29
Тамаққа 49 мың құмырсқа қосқан мейрамхана айыпп...