Семейде Мұхтар Әуезовтың үйі өртеніп кете жаздады

Семейде Мұхтар Әуезовтың  үйі өртеніп кете жаздады
16.07.2025 09:55
0
169
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: vecher.kz, бейнеден кадр)

Семейде тарихи маңызы бар үй өртеніп кете жаздады

Семейде қазақ халқының ұлы тұлғалары мекен еткен тарихи үйдің бірі отқа оранып, үлкен қауіп төндірді. Өрт ағайынды Мусиндер көшесіндегі №11 үйде шыққан. Екі қабатты ағаш ғимарат көне тас мешіттің дәл жанында орналасқан.

Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау екінші қабаттан тұтанып, бір пәтерді, шатыр мен баспалдақ алаңын шарпыған. Құтқарушылар дереу жетіп, өртті уақытылы оқшаулап, толық сөндірген.

Оқиға орнында ерлік көрсеткен бір жас жігіттің өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарып шыққаны айтылуда. Қуанышқа орай, қайғылы жағдай болған жоқ.

Бұл үйдің маңыздылығы тек сәулеттік ерекшелігінде емес. Зерттеушілердің дерегінше, бұл жерде кезінде Мұхтар Әуезов тұрған. Бұрын ғимарат қабырғасында жазушының осы үйде тұрғанын білдіретін мәрмәр тақта болған. Алайда белгісіз себеппен алынып тасталған.

Дереккөз: ABAI NEWS

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий