"Сенбей тұрмын": Мөлдір Мұқанова сүйінші жаңалығын жария етті

05.12.2025 11:12 Мөлдір Талғат
0
247
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Мұқанова

Желіде Мөлдір Мұқанованың танымал әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазатыны туралы жазбасы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл ақпаратқа себеп болған жазба Мұқанованың өзі тарапынан жаз айында жарияланған.

«Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, сенбей тұрмын» деп жазған продюсер, бұл жұмыстың өз өміріндегі жаңа кезең екенін атап өткен.

Ол осы уақытқа дейін өмірде түрлі рөл атқарғанын айтып өтті.

«Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Өнеріммен бөлісетін шақ туды» дейді Мөлдір Мұқан.

Әнші дуэтке байланысты көпшіліктің пікірін білгісі келетінін де жасырмаған.

«Сондықтан, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар? Қандай жанрда болсын деп қалайсыздар? Махаббат па? Әлде өмір туралы ма?» деп сұрады ол.

Жазбасын ол тыңдармандарға арналған тілегімен аяқтаған.

«Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар. Күтесіздер ме?...» деп жазды Мөлдір.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий