«Сені үйге шақырмағаным өкінішті»: Қыздарға қатысты жазбаларымен танылған менеджер басшылық лауазымға тағайындалды

15.12.2025 13:27 Арман Ермеков Арман Ермеков
«Сені үйге шақырмағаным өкінішті»: Қыздарға қатысты жазбаларымен танылған менеджер басшылық лауазымға тағайындалды
0
337
Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы аппаратының басшысы ауысты. Бұл жауапты қызметке бұған дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болған Сәлім Нағым тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Нағым Сәлім Жаңабайұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар магистратураны Cass Business School, City University of London «Энергетика, сауда және қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Жаңа басшы – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Алайда Сәлім Нағым көпшілікке тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, әлеуметтік желідегі, оның ішінде Threads платформасындағы ерсі жазбаларымен жақсы таныс. Ұлттық компанияның топ-менеджері қыз-келіншектерге қатысты жазған пікірлерімен желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді.

Arasha.kz порталының жазуынша, стратегиялық маңызы бар ұлттық компания басшысының мұндай жеңіл-желпі әрекеттері сын көтермейді. Энергетикалық қауіпсіздікке жауапты құрылымда отырған адамның мұндай қылығы қоғамда теріс пікір қалыптастырады. Сарапшылардың пайымдауынша, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы топ-менеджерлердің кез келген этикаға қайшы әрекеті жүйеге деген сенімге селкеу түсіреді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен ұлттық компаниялардағы этикалық стандарттарды күшейтуді бірнеше мәрте тапсырған болатын. Қоғам белсенділері корпоративтік қауіпсіздік қызметі басшыларының мұндай жағдайларға дер кезінде назар аудармауын сынға алуда. Олардың пікірінше, бұл жағдай «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшысы Бауыржан Асқаров бастаған басқа да лауазымды тұлғалардың беделіне нұқсан келтіріп, кадрлық өзгерістерге түрткі болуы мүмкін еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий