«Шахановтың Кремльдегі сөзін әкем жазып берген»: Арон Атабектің қызы мәлімдеме жасады

17.12.2025 17:55 Арман Ермеков Арман Ермеков
«Шахановтың Кремльдегі сөзін әкем жазып берген»: Арон Атабектің қызы мәлімдеме жасады
0
578
Фото: бейнеден кадр

Марқұм диссидент, белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Арон Атабектің қызы Алма Нұтушева әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Ол 1989 жылы Мәскеуде Мұхтар Шаханов оқыған атақты баяндаманың шын авторы кім екенін айтып, әкесінің еңбегі ескерусіз қалғанына налыды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алма Нұтушеваның айтуынша, Желтоқсан оқиғасына қатысты шындықтың ашылуына және қатысушылардың ақталуына тікелей ықпал еткен тұлға – Арон Атабек. Алайда, өкінішке қарай, қайраткердің өзі қайтыс болғаннан кейін де әлі күнге дейін толық ақталмаған.

«Арон Атабектің тіпті қайтыс болғаннан кейін де ақталмағаны әлі күнге дейін қоғамда үлкен дау тудыруда!

Арон Атабектің арқасында адамдар Желтоқсан оқиғасынан кейін репрессия құрбандары мәртебесіне ие болды! Кремльде Мұхтар Шаханов оқыған хаттың авторы – сол кісі. Арон мен Рашид Нүтішевтер бастарын қатерге тігіп, Мәскеуге сол қауіпті сапарды ұйымдастырды. Бұл тарихтың ағымын түбегейлі өзгертті!

Қазір Қайрат Рысқұлбеков сияқты қатысушылардың (Барлық қаза тапқандардың жатқан жері жайлы болсын! Иманды болсын!) атымен көшелер аталады. Ал Арон Атабек ше? Егер ол болмаса, ЕШТЕҢЕ де болмас еді!

Менің әкем, оның ағасы Рашид, Хасен Қожахмет 1986 жылы алаңға алғашқылардың бірі болып шықты! Арон Атабек қаза тапқандарға ас беріп, осы оқиғаларға әділ саяси баға беруді бірінші болып талап етті.

Арон Атабектің арқасында Алматы қаласының Алатау ауданы құрылып, бүгінге дейін көркейіп келеді! Оның өмірінің құнымен мыңдаған отбасы үйлерін заңдастырды! Бұл енді басқа тарих... Қанды Шаңырақ тарихы. Қазақстан үшін маңызы кем емес тарихи кезең!

Есте сақтаңдар, адамдар! Ұмытпаңдар, жерлестер!

Желтоқсандықтар, қаһармандық мәртебелеріңіз үшін кімге қарыздар екендеріңізді ұмытпаңыздар! Егер Арон Атабек болмаса, мемлекеттің алдында сол қылмыскер күйінде қалар едіңіздер!

Шаңырақтықтар, баспаналарыңыз бен амандықтарыңыз үшін кімге қарыздар екендеріңізді есте сақтаңыздар! Егер Арон Атабек болмаса, үйлеріңіз жермен-жексен етілер еді! Ал балаларыңыз аш-жалаңаш көше кезіп кетер еді!

ЕСТЕ САҚТАҢДАР! ЖӘНЕ АРОННЫҢ РУХЫНА ДҰҒА ЕТІҢДЕР! БҰЛ – ОНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ БОРЫШТАРЫҢЫЗ! ЕҢ ТӨМЕНГІ!!!

Сіздер оның басына ескерткіш орнатуға МІНДЕТТІСІЗДЕР! Осылайша оның еңбегін ескеріп, құрмет көрсетесіздер! Бұл адам сіздер үшін жанын қиды! Ол – қаһарман! Ертең оның өмірбаянын балаларыңыз бен немерелеріңіз мектептер мен жоғары оқу орындарында оқитын болады!», – деп жазды Алма Нұтушева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, 1989 жылы КСРО Халық депутаттарының I съезінде ақын Мұхтар Шаханов мінберге шығып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты шындықты ашып айтқан болатын.

Сонымен қатар оқыңыз, Белгілі кәсіпкер әрі саясаткер Болат Әбілов Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына орай бұрын-соңды айтылмаған дерекпен бөлісті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий