Шакира Қазақстанға келу үшін 7,5 млн доллар талап етті

15.04.2026 10:38 Мөлдір Талғат
Шакира Қазақстанға келу үшін 7,5 млн доллар талап етті
274
Фото: instagram.com/shakira

Қазақстанға әлемдік жұлдыздарды әкелу мәселесі жиі көтерілгенімен, оны жүзеге асыру оңай емес. Бұл туралы концерт ұйымдастырушысы Алексей Пучков айтты,деп хпбарлайды Politico.kz.

Оның сөзінше, Shakiraны Қазақстанға шақыру бойынша келіссөздер бұрыннан жүріп жатыр. Бірақ әзірге нақты келісім жоқ.

"Шакираның Қазақстанда концерт беруі мүмкін екенін жоққа шығармаймын", — деді ол.

Негізгі мәселе — талаптардың өте жоғары болуы. Әншінің командасы концерт өтетін орын кемінде 50 мың адамды сыйдыруы керек екенін алға тартқан. Бұдан бөлек, гонорар көлемі шамамен 7,5 миллион долларды құрайды. Мұндай шығын концерттің өзін ақтай ма — бұл да үлкен сұрақ.

Соған қарамастан, қазақстандық тарап қызығушылық танытып отыр, келіссөздер толық тоқтаған жоқ.

Ал Eminemге қатысты жағдай бөлек. Ұйымдастырушының айтуынша, ол қазір тек Қазақстанға емес, жалпы гастрольдік турларға шығуға аса құлық танытпайды.

Бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда ірі концерттер өтетіні туралы ақпарат тараған еді. Тіпті Алматы орталық стадионында ауқымды шоу ұйымдастыру жоспарланғаны айтылған. Алайда бұл жоспарлар әзірге нақты іске аспады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий