«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… »: Астаналық фельдшердің күйеуі жазбасымен жұртты жылатты
847
Астанада жаралы азаматты құтқармақ болып қаза тапқан жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Дәрігер Әділет Зейнел отбасына жанашырлық танытқан жұртқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем, сен менің мәңгі жүрегімдесің», – деп жазды қайғы жамылған жұбайы.
Ол енді тергеудің әділ жүргізілуін қалайтынын айтты.
«Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт және береке әкелген, Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, қасында болып, дұға еттім. Сабыр сақтап, бәрін сабырға салдым. Ендігі тілегім соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
15:16
Бұрынғы министрдің күйеуі Ақтөбеде 60 млрд теңг...
08.10.2026
15:03
Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған ...
08.10.2026
14:34
Ресейдегі 14 қазақстандық елшілікке жеткізіле м...
08.10.2026
14:07
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті аурух...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...