Шәріп Серік өзін Бишімбаевпен қатар қойып видео жасаған адамды сотқа берді
Шәріп Серік өзін Бишімбаевпен қатар қойып видео жасаған адамның үстінен арыз жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Актер полицияға жасанды интеллектпен Қуандық Бишімбаевтың жанына отырған видео үшін арызданды. Бұл туралы Instagram желісінде бейнежазбаның авторы хабарлады. Сондай-ақ мұны Шәріп Серік те блогер Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында растады.
Серік бұл бейнежазба оның көңіліне ауыр тигенін айтты.
«Мен бұл бейнежазба таралған соң, жала жабу және қорлау фактілері бойынша киберполицияға арыз жаздым», — деді ол сұхбатында.
Ал бейнежазбаны жасаған автор өз жұмысының «зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымды шығармашылық тұрғыдан жеткізу» екенін және оның «Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген атаумен жарияланғанын түсіндірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...