Шавкат Рахмонов экс-әйелімен неке келісімін жасап, оған жол апатына түскен көлікті ғана қалдырған

14.04.2026 10:56 Әсел Мұрат
Шавкат Рахмонов экс-әйелімен неке келісімін жасап, оған жол апатына түскен көлікті ғана қалдырған
282
Фото: видеодан скрин

UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі  Гүлайым Рахмонова алғаш рет Руслан Өтепбайдың Youtube-арнасына берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол сұхбат барасында күйеуімен арадағы неке келісімшарты туралы ашық айтты. Гүлайымның айтуынша, 2025 жылы наурызда олар үш баласымен Дубайға демалысқа барып келген, ал сәуірде спортшы неке келісімшарты туралы айта бастаған. Спортшының әйелі бастапқыда бұл ұсынысты әзіл ретінде қабылдапты.

«Мен басында күліп, оған мән берген жоқпын. Менің атымда ештеңе жоқ қой.«Ендеше маған кәсіп ашып бер немесе өзіміз тұрып жатқан үйді бер, мен саған неке келісімшартына қол қойып берейін, менен қорқасың ба? Қорықсаң, неге менімен өмір сүріп жүрсің? Сонша бала өмірге келдіә дедім. Бір жағынан өзінің анасының, бауырларының арасында басқа да бір әңгіме болған шығар. Мүмкін, «Ертең сен ажырассаң, сенің дүниеңе таласады» дегендей әңгіме айтқан болуы мүмкін. Барлық отбасында осындай ұрыс болатын шығар деп ойлаймын. Сол себептен «құлағым тыныш болсын, Шавкат егер мені дүние үшін жүрген адам деп ойласа, жазып берейін» деп қол қойдым. Егер соны (неке келісімшартын – ред) алып жаны тыныш болса, бере қояйын деп ойладым», - дейді Гүлайым Рахмонова.

Осылайша олар неке келісіміне қол қойған. Құжат шарты бойынша ажырасқан кезде әрқайсысы өз атына тіркелген мүлікпен ғана қалады. Спортшының бұрынғы әйелінің атында келісімшарт бойынша тек жол апатына түскен көлік қана болған.

«Менің атымда өзім жол апатына түскен көлік қана болды. Мен дүние үшін жүрген жоқпын. Мен оған ештеңем жоқ кезде қосылған адаммын»- дейді Гүлайым Рахмонова.

Ол қазір ажырасу процесі жүріп жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, жақында  екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп айыпталған аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шыққан еді.

Жол апаты 2025 жылы  27 шілдеде «Алматы-Екатеринбург» тас жолында болған еді. Гүлайым Рахмонова шаршаған күйде жол ережесін бұзып, көлікті тізгіндей алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан кейін оның көлігі аударылған. Салдарынан Гүлайымның құрбысы мен әпкесі қайтыс болды.Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды.

2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болғандықтан, жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий