ШҚО-да жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап көз жұмды

ШҚО-да жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап көз жұмды
Артемьев шахтасында биіктен құлаған механик қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Politico.kz.

KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, оқиға 9 мамыр күні жөндеу жұмыстары кезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Ауыр жарақат алған қызметкер оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.

Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу