Щучинскте кафедегі жарылыстан 7 адам көз жұмып, 20 шақты адам жарақат алды (ВИДЕО)

27.02.2026 08:39 Әсел Мұрат
Щучинскте кафедегі жарылыстан 7 адам көз жұмып, 20 шақты адам жарақат алды (ВИДЕО)
163
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

26 ақпан күні Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жарылыс алапат өтке ұласты. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шығып, 10-нан астам адамды эвакуациялады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 26 адам жарақат алып, 7 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде 16 жастағы жасөспірім қыз бар. Зардап шеккен 19 адамның 13-і Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккен бес адам ТЖД мен денсаулық сақтау басқармасының санитарлық авиациясы арқылы Көкшетау қаласына жеткізілді. Тағы екі науқасты тасымалдау жоспарланып отыр.

«Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитарлық авиация оқиға орнына бағытталды. Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарылыстың себептері анықталып жатыр. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий