Шымкент әкімдігі тұрғындардың мәселесіне жауап берді
Шымкент қаласының әкімдігі "Су ресурстары маркетинг" ЖШС-ның мүлкін мемлекеттік меншікке қайтару мәселесі бойынша тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл мәселе бойынша петицияға 12 мыңға жуық адам онлайн режимде, ал шамамен 650 адам офлайн форматта қатысып, өз пікірлерін білдірген.
"Қоғамдық тыңдау барысында тұрғындардың бәрі бірдей петиция авторын қолдамайтыны белгілі болды. Көпшілігі су арнасының мемлекеттік меншікке қайтарылуын қолдайды. Өйткені стратегиялық маңызды нысанның жеке меншікте болуы мемлекетті бір адамның шешіміне тәуелді етеді деп санайды", – делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Әкімдіктің айтуынша, заңды тұлғаларды қайтару мәселесі мемлекеттік органның құзыретіне кірмейді. Бұл шешімді сот қабылдайды және петиция авторына осы жөнінде хабарланды.
Шымкент әкімдігінің ұстанымы бойынша стратегиялық маңызы бар нысандар мемлекет меншігінде болуы қажет.