Шымкентте бір үйдің 8 адамы уланып қалды

30.12.2025 09:34 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Шымкентте бір үйдің 8 адамы уланып қалды
0
142
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының Абай ауданында бір отбасының 8 мүшесі газдан уланып қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 28 желтоқсанда болған.
 
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай мұржа қауіпсіздік талаптарына сай келмегендіктен болған. 

«Қазір зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Барлығы дәрігерлердің бақылауында. Қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақтылы тексеріп отыру, мұржалардың дұрыс орнатылуы мен жарамдылығын қадағалау, сондай-ақ газ құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасауға кеңес береміз», – деп ескертті Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖМ мамандары газ жабдықтарын уақытылы тексерту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалап, үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасау керектігін айтты.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий