Шымкентте мектеп басшылығы бухгалтермен бірге 48 млн теңге жымқырған
Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды. Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.
Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлім еткендей, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сот процесіне қалалық мектеп директорлары мен бухгалтерлері, жалпы саны 50 адам оффлайн, 650-ден астам онлайн қатысты.
Біз бұған дейін Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен 24 мектептің бухгалтері ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталғанын жазған болатынбыз.
Наурыз айында мәжілісмен Болатбек Нажметдинұлы Премьер-министрдің орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін қайта қарау керегін атап өткен еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...