Шымкентте жүктілерге тиесілі 217 миллионды жымқырған алаяқ әшкереленді

10.11.2025 13:44 Арман Ермеков
Шымкентте жүктілерге тиесілі 217 миллионды жымқырған алаяқ әшкереленді
0
286
Фото: inform.kz. Суретте: коллаж canva

Шымкент қаласының прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына талдау жүргізу барысында, «У» есімді азаматшаның заңсыз іс-әрекетін әшкерелеп, аса ірі көлемдегі алаяқтық ісін тіркеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Талдау барысында анықталғандай, аталған азаматша бірнеше жеке кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін заңсыз пайдаланған.

Ол осы ЭЦҚ арқылы жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған, яғни олар іс жүзінде жұмыс істемесе де, құжат бойынша "қызметкер" ретінде көрсетіп отырған.

Әрі қарай, ол осы жүкті әйелдердің атына тиесілі әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеген. Мемлекеттен бөлінген бұл қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, өз қажеттілігіне жұмсаған.

Осы заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекет қазынасына 217 миллион теңге көлемінде шығын келтірілгені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Іс материалдары одан әрі тергеп-тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий