Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Тоқаев тапсырма берді

Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Тоқаев тапсырма берді
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай жайлы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш түскеніне тоқталды.

Ішкі істер министрлігіне қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

«Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры мұның арты адам өліміне әкеліп соқтырды. Осыған байланысты ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді», - деді Тоқаев құрылтайдың бүгінгі отырысында. 

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіріп кеткен еді. Күдікті – оның танысы.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу