Шымкентте полиция лагерьде соққыға жығылған баланың ісін жауып тастаған

Шымкенттік полиция лагерьде соққыға жығылған баланың ісін жауып тастаған
Шымкенттік жалғызбасты ана 9 жастағы ұлына әділет іздеп жүр. Оның айтуынша, Түркістан облысындағы Арасан Машат балалар лагеріндегі демалыс ұлы үшін таяқ жеумен аяқталған, деп хабарлайды HALYQSTAN арнасы.
11 шілде күні түнде Шахрух есімді бала белгісіз біреулердің соққысына тап болған. Бет-аузы көгеріп, мұрны сынған баланың жанында ересектер болмаған. Ешкім көмектеспеген.
Лагерь тәрбиешілері болған жайтты жасыруға тырысып, анасына екі қабатты төсектен құлап кеткен деп жалған ақпарат берген. Алайда лагерьге дереу жеткен анасы ұлының ауыр жарақаттарын көріп, оны үйіне алып кетіп, дәрігерге көрсеткен. Медициналық қорытындыда көптеген көгерулер мен мұрын сүйегінің сынуы анықталған.
Оқиғадан соң анасы Түлкібас аудандық полиция бөліміне арыз жазған. Алайда полиция капитаны Бекназаров істі қылмыс құрамы жоқ деп жауып тастаған.
Соңғы жаңалықтар





