Синоптиктер шұғыл ескерту жасады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.07.2026 18:10 Қарақат АСЫЛОВА
Синоптиктер шұғыл ескерту жасады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
187
Ашық дереккөзден

16–18 шілде аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады. Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Жауын-шашынға байланысты батыс өңірлерде ауа температурасы +22…+35 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте де қысқа мерзімді салқындау байқалып, күндізгі температура +21…+36 градус шамасында болады.

Ал орталық пен шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.

Ең жоғары температура оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде тіркеледі. Бұл аймақтарда сынап бағаны +41…+46 градусқа дейін жетіп, климаттық нормадан жоғары болады. Ауа райы негізінен құрғақ болады, тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий