"Сіз сияқты екі жүзді адамды көрмедім": Жанат Бақыт журналист Жанар Байсеміз туралы

Танымал журналист Жанар Байсеміз белгілі тележүргізуші Жанат Бақытпен сұхбаты туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Журналист өз ойын Qaz.Airan YouTube жобасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Маған ренжіді, мен енді айта берейін, қанша уақыт болды сұхбат жазғаныма. Еш жерде жариялаған жоқпын, бірақ өткенде әлеуметтік желіде маған қатысты сондай дүние жариялаған екен. Сіз сияқты екіжүзді адамды көрген жоқпын деді. Мен оған түсіндіргенмін, ол да тв саласының маманы болған соң біледі, тақырып айғайлап тұру керек. Тақырыпқа адам жалт қарау керек, бірақ ол тақырыпты мен өзімнің ойымнан алмаймын. Қиялымнан шығарып алмаймын, ол сол жерде айтылған дүниелерге байланысты. Оның сіңілісінің айтылған дүниесіне байланысты әлеуметтік желіде шу болған тақырыптар болған. Сен келгенде өзің бір басқа дүниені күттің, солай болмай қалды, сосын сенің көңілің қалады. Жанат Бақыт солай қатты ренжіді маған», — деді тележүргізуші.
Соңғы жаңалықтар





