"Сонша жабысқаны несі": Сәкен Майғазиев жас арудың қолын сүйемін деп сынға қалды
Әлеуметтік желіде әнші Сәкен Майғазиевтің жас арумен амандасу кезінде қолын сүйген видеосы қызу талқыға түсті. Көпшілік қолданушылар әрекетке түрлі пікір білдіріп, әншінің жас аруға деген қатынасын сынға алды, деп хабарлайды Politico.kz
Видеода Сәкен Майғазиев жас арудың қолын ұстап, сүйіп амандасып жатқан сәті көрсетіледі. Бірқатар желі қолданушылары бұл әрекетті тым жақын деп бағалап, «неге сонша жақындады?» деген сұрақ қойды. Кейбір пікірлерде «Текті азамат болса, олай құшақтап тұрмайды. Амандасқанда қолын алу жеткілікті еді» деп жазылды.
Алайда видеоны қорғаушылар да бар. Олар әншінің жас аруға тек ізеттілік пен мейірімділік танытып отырғанын атап, «Сәкен балажан, қызыңдай көріп тұр. Онда тұрған не бар?» деген пікір қалдырды. Кейбіреулер «Нәресте кезінен көз алдында өскен, өз қызыдай көріп тұр» деп қосымша түсініктеме берді.
Желіде талқыланып жатқан бұл сәт көрермендерді екіге бөлді: біреулері әрекетті орынсыз деп бағаласа, екінші топ әншінің мейірімін, ізеттілігін атап өтті. Қазіргі таңда видео белсенді түрде тарап, пікірталас әлі де жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар