Стоматологиядағы бала өлімі: анестезиолог төрт жылға сотталуы мүмкін

18.12.2025 16:34 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Стоматологиядағы бала өлімі: анестезиолог төрт жылға сотталуы мүмкін
0
150
Фото: видеодан скриншот

Астана қаласында стоматология клиникасында көз жұмған кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі өтіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мемлекеттік айыптаушы анестезиолог Аида Жұмағалиеваны кінәлі деп танып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жылға медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салу жазасын сұрады.

Прокурордың айтуынша, анестезиолог қыз баланың медициналық талдауларының нашар екенін көре тұра, оны 4,5 сағат бойы «Севоран» препаратының әсерінде ұстаған. Соның салдарынан науқаста гипоксия, кейін ми ісінуі дамып, ақыры өлімге әкелген.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сөйлеген сөзінде дәрігердің кәсіби немқұрайлылық танытқанын атап өтті. Оның пікірінше, анестезиолог науқастың жағдайына тиісті деңгейде баға бермей, медициналық тәуекелге жол берген.

Сонымен қатар прокурор Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарында мұндай жағдайда анестезия жасауға нақты әрі анық қарсы көрсетілімдер көрсетілмегенін, сол себепті дәрігер қателікке бой алдыруы мүмкін болғанын да айтты.

Алайда айыптау тарапы күтпеген ұсыныс жасады. Прокурор Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты қабылданған амнистия туралы заңды қолдануды сұрады.

«ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты 2025 жылғы 23 маусымдағы “Амнистия туралы” заңға сәйкес, онша ауыр емес қылмыс жасаған тұлғалар негізгі жазадан босатылады. Осыған байланысты Аида Жұмағалиеваны тағайындалған негізгі жазадан босатуды сұраймын», деді прокурор.

Яғни, прокурор 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрай отырып, сонымен қатар дәрігерді амнистия негізінде түрмеге қамаудан босатуды ұсынды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий