Су тасқынынан қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі әзірленді
532
Еліміздің су басқан аймақтарында 1 013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлекселері өртеліп, жойылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин мәлім етті.
Министрлік өкілінің айтуынша, бүгінде шығын болған мал (үй жануарлары) өлікселерін жинау және жою жұмыстары жалғасып жатыр.«Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облысында 10 мың бастан жоғары, БҚО-да 4,5 мың бас және Қарағанды облысында 1,5 мың бас мал мен үй жануарлары құтқарылды. Жедел ақпаратқа сәйкес, су тасқыны салдарынан республиканың 7 өңірінде 5711 бас мал өлді, оның ішінде 1137 ірі қара және 4051 ұсақ мал бар», - деді Олжас Тлебалдин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бүгінде Ауыл шаруашылығы министрі, вице-министрлер және ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аймақтарды аралап жүр.«Ол үшін 90 бірлік техника мен қызметкерлер штаты және өлекселерді жою шаралары үшін қажетті дизенфекциялық заттар қарастырылған. Бүгінгі таңда 1013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлексесі өртеліп, жойылды», - дейді спикер.
«Мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі. Жалпы, су тасқынының алдын алу және жою мәселелері, сондай-ақ өңірлердегі эпизоотиялық жағдай министрліктің тұрақты бақылауында», - деді О. Тлебалдин.
Соңғы жаңалықтар
18.07.2026
11:34
Қызы туған әкесін үйінен қумақ болды: Сот күтпе...
18.07.2026
10:54
КВН-нан тағы бір қаралы хабар: Александр Масляк...
18.07.2026
10:05
Ақтауда жасөспірімдер төбелесінің видеосы тарад...
18.07.2026
09:15
Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді
18.07.2026
01:12
Ашаршылықта баласын жеген ата-ананың ұрпағында ...
18.07.2026
00:28
"Қыз жүкті болып қалған": Қазақстанда білмей ша...