Суданда әскери ұшақ тұрғын үйлерге құлап, 46 адам көз жұмды
Суданда әскери ұшақ апатынан 46 адам көз жұмды
Омдурман қаласында әскери ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Associated Press басылымына сілтеме жасап.
25 ақпанда Суданның Омдурман қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырап, бірнеше тұрғын үйді қиратты. Бастапқыда билік 19 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Алайда, 26 ақпанда бұл сан 46 адамға жеткені белгілі болды.
Оқиға салдарынан тағы кемінде 10 адам түрлі жарақат алды.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Қызыл теңіз жағалауындағы Порт-Судан қаласына бағыт алған. Бұл қалада қазіргі уақытта елдің әскери билігі орналасқан.
Құлаған ұшақтың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...