Судья ірі көлемде ақша бопсалады деп күдіктелуде

27.01.2026 11:24 Арман Ермеков Арман Ермеков
Судья ірі көлемде ақша бопсалады деп күдіктелуде
256
Фото: Абай соттары

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Абай аудандық сотының төрағасы Букбаев Мұрат Қасымұлын тергеп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл ақпаратты Абай облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Серік Байғалиев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, Абай облысы бойынша ҰҚК департаменті қызметкерлерінің Абай аудандық сотының төрағасы М. Букбаевқа қатысты сұрақтары бар. Оның жұмыс орнында және үйінде тінту жүргізілген. Дереккөздің мәліметінше, судья бас бостандығынан айыру жазасын көздемейтін үкімді өзгерту үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Байғалиев.

Редакциямыз бұл ақпараттың анық-қанығын білу үшін құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.

Ашық дереккөздерде Мұрат Букбаевтың өмірбаяны мен қызметтік жолы туралы мәлімет жоқ.

Қазіргі уақытта құзырлы органдардан ресми ақпарат күтілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий