«Сұхбатының 50%-ы – жалған ақпарат»: Ильин спортшы досын арақтан емдетіп жатыр
Ауыр атлетикадан чемпион, ел мақтанышы Илья Ильин Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында әріптес досы Алмас Өтешев туралы айтып берді, деп хабарлады politico.kz.
Алмас – менің досым. 14 жастан бастап бірге жаттыға бастадық. Кейін ол менің командама қосылды. Артынша құрамасынан кетті. Мені алғашқылардың бірі болып қолдаған да Алмас еді. 10 жыл араққа салынып кетті. Сөздерінің жаны бар, өкпесін де білемін. Біз оны тауып алып, қазір ем алып жатыр. Федерация да қолдау көрсетіп жатыр. Оған «мен емес, саған халық көмек көрсетіп жатыр, қазір емделмесең, кеш болады» деп түсіндірдім, – дейді Илья Ильин.Еске сала кетсек, Алмас Өтешев таяуда журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Илья Ильиннің де өзінен теріс айналып кеткенін айтқан еді. Алайда досы сол айтанының жартысы өтірік деп отыр.
Мен досымды ешқашан тастамаймын. Ол 5 ай емделуі керек. Арақты тастаса жақсы болар еді. Біз оны аяққа тұрғыздық. Оның қоғамға үлес қосқанын қалаймыз. Емнің алғашқы кезеңі аяқталды. Алдағы уақытта мен онымен сұхбат жүргіземін. Ал соңғы берген сұхбатының 50%-ы – жалған ақпарат, – дейді спортшы.Фото: elana.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...