«Сұлулықтың символысыз!»: Баян Алагөзованың ашық киіммен түскен суретін оқырмандары талқылауда

Танымал продюсер Баян Алагөзова бірнеше күнге Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласына кеткенін айтты. Демалыстан түскен суреттерін ол Instagram парақшасында жариялап, өзінің дене бітімімен оқырмандарының назарына ілікті, ,деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жүктеген жаңа суретінде Алагөзова жағажайда купальникпен түскен.
«Біз бірнеше күнге жұмыс бойынша Абудабиге келдік, жұбайым серіктестерімен кездесіп жатыр, ал мен қыздарыммен бірге жұмыс күндерін әдемі түсірілімдермен әрлеп жүрмін. Мұнда алғаш рет келдім. Әдетте Дубайға барамыз, оның сән-салтанаты белгілі ғой, ал мұнда бәрі тамаша – тыныш, отбасыға жайлы, суы таза, сиқырлы. Келесі жолы осы қаланы таңдаймын», – деп жазды актриса.
Баянның жазбасына жазылушылары белсенді түрде пікір қалдырып, оның фигурасын атап өтті.
«Баян, сондай сұлусыз! Сізге қарау – бір рақат»,
«Сіз – әйелдерге мотивация беретін тұлғасыз»,
«Сұлулықтың символысыз!», - деп Баян Мақсатқызының оқырмандары ағынан жарылды.
Соңғы жаңалықтар





