"Талай қызды қорлаған": Гүлмира Әбіқай шетелде қаза тапқан қазақ қыздары туралы жазды

27.08.2026 15:28 Мөлдір ҚАЙНАР
287
Фото: коллаж politico.kz

Журналист Гүлмира Әбіқай Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында өлі табылған қазақстандық апалы-сіңлілі қыздардың ісіндегі күдіктіге қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өзінің Threads парақшасында марқұмдардың жақындары күдікті деп таныған азамат туралы жазып, қайғылы жағдайға байланысты күйінішін білдірді.

"Арабияда кісі қолынан қаза тапқан апалы-сіңлінің денесін алуға туыстары Дубайға ұшып кетті. Күдікті осы жігіт деп жазуда марқұмның жақындары. Бұл жігіт елде жүргенде талай қызды қорлағаны туралы ақпарат тарады. Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау. Бір үйдің қос ботасынан айырылып, ата-анасы аңырап қалды. Қандай қиын, сабыр берсін", — деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, аталған оқиға бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі де ресми мәлімдеме жасап, Дубайдағы Бас консулдық қажетті құқықтық көмек көрсетіп, мән-жайды анықтау үшін жергілікті құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий