Сағат 16:00-дегі нәтиже: ОСК жаңа мәліметті жариялады

Сағат 16:00-дегі нәтиже: ОСК жаңа мәліметті жариялады
Фото: Informburo.kz

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға қатысқан азаматтардың үлесі 53,86 пайызға жетті, деп хабарлайды Politico.kz. 

ОСК мәліметінше, 29 қараша күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге құқығы бар сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,86 пайызы өз таңдауын жасаған.

Өңірлер арасында сайлаушылардың қатысу көрсеткіші Түркістан облысында 69,84 пайызды құрады. Одан кейін Жетісу облысы (68,03%) мен Қызылорда облысы (67,36%) тұр.

Ал ірі қалалардағы көрсеткіш әзірге төмен. Астанада сайлаушылардың 39,91 пайызы дауыс берсе, Шымкентте бұл көрсеткіш 40,23 пайыз болған. Алматыда дауыс беруге қатысқандар үлесі 33,73 пайызды құрады.

Өңірлер бойынша сайлаушылардың белсенділігі:

  • Түркістан облысы – 69,84%;
  • Жетісу облысы – 68,03%;
  • Қызылорда облысы – 67,36%;
  • Ақтөбе облысы – 66,19%;
  • Абай облысы – 63,02%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;
  • Жамбыл облысы – 56,31%;
  • Алматы облысы – 56,25%;
  • Маңғыстау облысы – 56,17%;
  • Павлодар облысы – 55,89%;
  • Қостанай облысы – 54,15%;
  • Қарағанды облысы – 53,42%;
  • Ақмола облысы – 53,16%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;
  • Ұлытау облысы – 51,53%;
  • Атырау облысы – 51,17%.

Осылайша, сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелсе, ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында байқалған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу