Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі мен Айтбек Амангелді үндеу жасады
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі мен қорғаушысы Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады.
Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуіміз 14 қазан күіні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын айтқымыз келеді. Митинг болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Экспертизалар жасалады. Бұл ереуіл тергеу амалдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұл пайдасыз әрекет, — деді Айтбек Амангелді.Шерзаттың әкесі тек қана әділ сот талап ететін алға тартты.
14 қазан күні ешқандай митинг, қан төгіс болмайды. Менің мақсатым баламның өліміне қатысты әділетті сот шешіміне қол жеткізу. Адамдар келіп, тергеу жүріп жатыр. Қорғаушылар, марқұм Салтанаттың бауыры да бар. Бір-бірмізге қолдау көрсетіп жатырмыз. Халықтың қолдауына алғыс айтамын. Бірақ қан төгудің қажеті жоқ. Қан төгіспен еш нәрсе шешілмейді. Мен балам үшін әділ сот талап етемін. Соңына дейін барамын, — деді Шерзаттың әкесі.Айта кетейік, кеше түнде Талғарда қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен. Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...