Талғарда жеті баланың әкесін пышақтап өлтірген: күдікті әйелі мен енесі

04.03.2026 11:35 Мөлдір Талғат
Талғарда жеті баланың әкесін пышақтап өлтірген: күдікті әйелі мен енесі
431
Фото: ЖИ

Алматы облысының Талғар қаласында жеті баланың әкесі қатыгездікпен өлтірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға 30-дан астам пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұмның отбасының адвокаттары Асылбек Әбдіраимов пен Жандос Палмановтың айтуынша, қайғылы оқиға 14 ақпанда болған.

Олардың мәліметінше, қылмысқа марқұмның жұбайы мен енесі күдікті.

«Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы — алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру дерегі бойынша қозғалды», — деді адвокаттар.

Алдын ала болжам бойынша, жанжалдың шығуына ер адамның Талғар полициясына өзіне тиесілі жылқылардың ұрланғаны туралы арыз жазуы себеп болуы мүмкін.

Адвокаттардың айтуынша, полиция бұрын марқұмның әйелінің сол жылқыларды ұрлап, сатып жіберуге қатысы болуы мүмкін екенін анықтаған. Сол жағдай отбасылық жанжалға түрткі болған деген болжам бар.

Сондай-ақ, күдіктілер ер адамға ұйықтап жатқан кезде шабуыл жасағаны айтылды. Марқұмның артында жеті баласы қалған.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы жасаған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий