Тәліптер Өзбекстаннан әуе қаруын кері қайтаруды талап етті
Тәліптер АҚШ пен Өзбекстан арасындағы ауғандық авиациялық техниканы беру жөніндегі келісімге қарсы шықты. Олар бұл техниканың ауған халқына тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлады politico.kz kun.uz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 2021 жылы тәліптерден қашқан ауған әскерилері бұл техниканы Өзбекстанға жеткізген болатын.
Өзбекстандағы ауған тікұшақтары мен ұшақтарының тағдырына қатысты кез келген келісімге жол берілмейді, - деп мәлімдеді тәліптер.Сондай-ақ олар Ташкенттен техниканы Ауғанстанға қайтару туралы «әділ шешім күтетініндерін» жеткізді. Алайда АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник бұл техниканың әрдайым Америкаға тиесілі болғанын және бұрын ауған әскери күштері пайдаланғанмен, ол АҚШ-тың меншігінде қалғанын мәлімдеді. Жоспар бойынша, ұшақтар мен тікұшақтар Өзбекстанда қалады. Ал АҚШ Орталық Азия елдерімен бұл техниканың бір бөлігін терроризммен күресте қолдау көрсету үшін айырбастау туралы келіссөздерді жалғастырады. Бұл жағдай аймақтағы қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді. Ал әзірге Ташкенттің қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Фото: Reuters
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
13:25
Конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болға...
02.11.2026
12:29
ЖИ арқылы марқұмның фотосын «тірілту» күнә ма: ...
02.11.2026
12:15
Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ерекше форматт...
02.11.2026
11:49
Тоқаев Қарағанды облысына барды
02.11.2026
11:02
Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған әйелге с...
02.11.2026
10:59
Ташкентте қарағандылық 15 жас футболшы аурухана...