Тамызда ҰҚК қанша істі әшкерелеп, сотқа жіберді?

Тамызда ҰҚК қанша істі әшкерелеп, сотқа жіберді?
02.09.2025 09:48
0
120
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тамыз айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2025 жылдың тамыз айында атқарған жұмыстарының нәтижелерін жариялады. Бір ай ішінде мекеме 51 құқық бұзушылықты тіркеп, 29 қылмыстық істі сотқа жолдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 1;

- 366-бап (пара алу) - 17;

- 367-бап (пара беру) - 18;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 3;

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 4;

- 190-бап (алаяқтық) - 2;

- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) - 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 9;

- 190-бап (алаяқтық) - 6;

- 366-бап - (пара алу) - 6;

- 367-бап (пара беру) - 5;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 2;

- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілді.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңгес омасында сыйақы берілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий