Танымал актер әрі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

04.02.2026 08:48 Мөлдір Талғат
Танымал актер әрі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
302
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер әрі режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның ұлттық сахна өнеріне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Балтабай Сейітмамытұлы қазақстандық театр мен кино өнерінің дамуына өмірін арнаған көрнекті тұлға болды.

Өнер жолында ол 50-ге жуық фильмге түсіп, театр сахнасында 60-тан астам жарқын образды сомдады. Сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосты.

Балтабай Сейітмамытұлы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына енген сахналық бейнелерді дүниеге әкелді. Ол классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық деңгейде ашып көрсете білді.

Министрлік марқұмның жарқын бейнесі мен бай шығармашылық мұрасы халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий