Танымал актер ауыр сырқаттан 45 жасында қайтыс болды
Стендап-концерттер ұйымдастырушы, "Что? Где? Когда?" интеллектуалдық ойындарының жүргізушісі және "Реальные пацаны" сериалының актері Дмитрий Красильников 45 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның қазасы туралы ақпаратты "Стендап Мафия Пермь" тобы растады.
«Біз Диманы өте жарық, мейірімді, ерекше жан ретінде есте сақтаймыз. Ол әрқашан қолдау көрсетіп, күлдіріп, адамдарды бір шаңыраққа жинай алатын. Дима 6 желтоқсанда инсульттен кейін өмірден өтті» деп жазылған ресми хабарламада.
Екі күн бұрын оның жұбайы әлеуметтік желіде Дмитрий Красильниковтың инсульттан кейін ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған. Осы жағдайға байланысты Пермьдегі барлық жоспарланған стендап-шоулар тоқтатылған.
Дмитрий Красильников Пермьде стендап-концерттер мен "Чёрный КВН" бағдарламаларын ұйымдастырып, "Что? Где? Когда?" ойындарының жүргізушісі ретінде де танылған. 1980 жылы туған өнер иесі "Реальные пацаны" сериалында Викидің досы Андрей рөлін сомдаған. Сонымен қатар ол "Comedy Баттл" және "Смех Без правил" жобаларына қатысып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген тұлғалардың бірі болған.
Соңғы жаңалықтар