Танымал актриса Фариза Ескермес неден қателескенін айтты

Фариза Ескермес “Qarapaiym” подкастында “Бажа” сериалының түсірілімі барысында орын алған қызықты оқиғасымен бөлісті. Актрисаның айтуынша, сол кезеңде бір уақытта үш түрлі жобаны қатар алып, түсірілім кестесін үйлестіруде қиындықтарға тап болған.
Фариза алдымен келісім берген жобаға уақыты сәйкес келмей, түсірілім алаңындағыларды күттіріп қойғанын мойындады. Бұл жағдай оның жеке өміріндегі маңызды кезең – тұрмысқа шығуымен де тұспа-тұс келген. Соның салдарынан ол өзін шаршап, күйзеліске түскендей сезініп, эмоцияға берілгенін жасырмады.
“Үйге келдім де жыладым. Барлығын жек көріп кеттім. “Менің кінәм не?” деп ойладым. Біріншіден, ауырып қалдым, екіншіден, нақты уақыттарды алдын ала айтпады. Неше түрлі жағдайлар орын алды”, – дейді актриса.
Кейіннен Фариза Ескермес бұл жағдайға салқынқандылықпен қарап, өз қателігін түсінгенін айтты.
“Келесі күні өзімді жақсы сезіндім. Барлығына қоңырау шалып, түсірілім алаңына келіп, кешірім сұрадым”, – дейді ол.
Осы оқиғадан кейін, жоспарланған 20 күннің орнына, жоба түсірілімі екі жарым айға созылған.
Соңғы жаңалықтар





