Танымал композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
1382
Біржан Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Біржан Хасанғалиев жаңа қызметінде филармонияның менеджмент және маркетинг бағыттарына жетекшілік етеді.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің шешімімен Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз!», - делінген филармонияның құттықтауында.
Айта кетейік, Біржан Хасанғалиев – қазақтың белгілі композиторы, әнші Ескендір Хасанғалиевтің ұлы.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...