Танымал шоудың қатысушысын құлдыққа алып кетіп, ағзаларын сатып, денесін өртеп жіберген

Танымал шоудың қатысушысын құлдыққа алып кетіп, ағзаларын сатып, денесін өртеп жіберген
16.10.2025 08:45
0
210
Ашық дереккөз

Беларусьтің бұрынғы «Голос» шоуының қатысушысы Таиландқа модель ретінде жұмыс істеуге кеткеннен кейін Мьянмада адам саудасының құрбанына айналғаны туралы мәлімет қоғамды дүр сілкіндірді.

Shot Telegram арнасының хабарлауынша, Минск тұрғыны жарнама арқылы шетелге жұмыс істеуге барған, алайда оны Бангкоктан заңсыз түрде Мьянма аумағына өткізіп, алаяқтықпен айналысатын колл-орталықта (scam-орталықта) жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Біршама уақыт өткен соң қыз байланысқа шықпай қалған, ал кейінірек оның туыстарына белгісіз адамдар хабарласып, бойжеткеннің ағзалары сатылып, денесі өртелгенін хабарлаған.

Беларусьтің Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме беріп, іздестіру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, Вьетнамдағы Беларусь елшілігі іздеу ісіне жетекшілік етуде.

«Қазіргі таңда Вьетнамдағы Беларусь елшілігі жоғалған азаматшаны іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Анасының айтуынша, онымен байланыс 4 қазанда үзілген», – деп хабарлады министрлік.

Қазір Беларусь пен Мьянманың сыртқы саясат және құқық қорғау органдары, сондай-ақ елдің Янгон мен Бангкоктағы құрметті консулдықтары бірлесіп іздестіру іс-шараларын жалғастырып жатыр. Бұл қайғылы жағдай шетелге жұмысқа шақыратын күмәнді ұсыныстардың артында қауіпті адам саудасы мен заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сарапшылар жастарды мұндай жарнамаларға сенбеуге және шетелге шығу алдында ресми агенттіктер мен елшіліктер арқылы ақпаратты нақтылап алуға шақырып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий