Тарих! Қазақстан шорт-тректен алғаш рет Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан атынан эстафеталық жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.
Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Харбинде шорт-трекшілер үш медальға ие болды, олардың барлығы эстафеталық жарыстарда еншіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
09:32
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» басшыларына қат...
05.11.2026
09:27
«Биліктің емес, халықтың сүйіктісі болуға тырыс...
05.11.2026
09:01
Петропавлдағы №2 емхана қызметкері мен күйеуі ж...
05.11.2026
08:03
Ақтөбеде Неке сарайында өлтірілген әйелдің бала...
04.11.2026
23:25
200 мың теңге үшін адам өлтірді: Қылмыс туралы ...
04.11.2026
22:23
Петропавлда колледж студенттері жаппай инфекция...