"Тастап кеттім...": Сәкен Майғазиевтің ұлы жеке өмірі жайлы айтты
Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала күнгі арманы мен футболдағы алғашқы қадамдары туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол мектеп кезінде футболға ерекше қызығып, жақсы ойыншы болғанын айтады. Дегенмен, сол жылдары кәсіби спортта орыс тілін жетік білмейтін ойыншыларға мүмкіндік аз болғанын еске алып, бұл жағдай оның спорттан алыстауына себеп болғанын жеткізді.
"Мектеп кезінде жақсы ойнайтынмын, бірақ менің уақытымда кәсіби футболда орысша білмейтіндерді шеттейтін. Сол кезде көңілім түсіп, футболды тастап кеттім. Мүмкін, бұл сөзім жай сылтау да шығар", – деп жазды Әділет өз жазбасында.
Ал әкесі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев, ұлының кезінде "Қайрат" футбол клубының құрамында ойнағанын растады.
"Шынында, егер сол бағытта жалғастырғанда, бүгінде ұлым "Реалға" қарсы алаңға шығатын жігіттердің бірі болар еді. Бірақ ол өмір жолын басқа арнаға бұрып, қаржы саласын таңдады", – деді ол.
Соңғы жаңалықтар