Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаған ЕО Иранға талап қойды

21.03.2026 09:38 Қарақат АСЫЛОВА
Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаған ЕО Иранға талап қойды
304
Әлемдік дағдарыс Еуропаны алаңдатты

Брюссельде өткен Еуропалық Кеңес саммиті соңғы жылдардағы ең тартысты кездесулердің бірі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жиынға қатысқан 27 елдің басшылары геосаяси ахуал мен энергия бағасының өсуін негізгі тақырып ретінде қарастырды. Кездесуде басты назар АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты әрекеттерінен кейін күрделене түскен Таяу Шығыстағы жағдайға ауды. Еуроодақ көшбасшылары шиеленісті ушықтырмауға шақырып, барлық тарапты ұстамдылық танытуға үндеді.

Саммит қорытындысында энергетикалық және су инфрақұрылымдарына шабуылдарды уақытша тоқтату туралы ұсыныс айтылды. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта қалпына келтірудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Еуроодақ елдері теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы миссия орналастыру мүмкіндігін де қарастырды. Алайда бұл бастама белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін ғана жүзеге асуы мүмкін екені айтылды.

Қорытынды мәлімдемеде Иранның аймақтағы әскери әрекеттерді тоқтатуы қажеттігі және оның ядролық қаруға ие болмауы тиіс екені атап өтілді. Сондай-ақ ЕО Иран билігін ел ішіндегі зорлық-зомбылық пен қысымды тоқтатуға шақырып, иран халқымен ынтымақта екенін білдірді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл саммитте қабылданған шешімдер Таяу Шығыстағы жағдайға және әлемдік энергия нарығына әсер етуі мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий