«Телефонына келген хабарламадан қызғанған»: Талдықорғанда әйелін атпен сүйреп өлтірген ер адамның соты өтті

27.11.2025 14:01 Әсел Мұрат
«Телефонына келген хабарламадан қызғанған»: Талдықорғанда әйелін атпен сүйреп өлтірген ер адамның соты өтті
0
209
Фото: Сандуғаш Дүйсеновадан. Суретте: марқұм Айзат Жұманова

27 қарашада Талдықорғанда Айзат Жұманованың өлімі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Айыптау тарапының айтуынша, күйеуі әйелін азаптап өлтірген, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Прокурор айыптау актісін оқыды.

«2025 жылдың маусымында Жанболат Айзат Жұманованың есік алдында біреумен сөйлесіп, хабарламалар алып отырғанын көрді. Ол оған жақындап, кіммен сөйлесіп жатқанын сұрады. Айзат жауап беруден бас тартты, сондықтан ер адам оның телефонын сындырып тастады. Жауап ретінде Айзат оның телефонын да сындырып тастады. Осыдан кейін екеуі де 10-15 күн ұялы телефонсыз жүрді. Сол күннен бастап ерлі-зайыпты бір-бірімен сөйлескен жоқ», – деді прокурор.

Прокурордың айтуынша, Жанболат тауға мал жаюға кеткен. Ол үйіне оралғанда, жағдай қайталанды.

«Үйге оралғанда, әйелінің біреумен сөйлесіп тұрғанын көрді. Кім екенін сұрағанда, Айзат жауап беруден бас тартып, үйге кіріп кетті. Кейін ашуланған Жанболат мотоцикліне мініп, дүкенге барып, жеті-сегіз бөтелке сыра сатып алып ішті. Содан кейін үйіне оралғанда, әйелінің біреумен сөйлесіп тұрғаны есіне түсіп, ашуға булықты. Ашудан әйелін өлтіргісі келді», – деді айыптау тарапы.

Прокурордың айтуынша, қылмыс 22 маусымда шамамен түскі сағат 12-де болған.

«Мас күйінде және бұрынғы спорттық тәжірибесіне байланысты физикалық артықшылығын пайдаланып, қылмыстық ниетін жүзеге асырды. Оны қақпаға шығарып, бірнеше рет ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген. Сол сәтте Айзат айқайлап, жылап, оны ұрмауын өтінген. Алайда Жанболат қылмыстық әрекеттерін тоқтатпай, оның өмірлік маңызды мүшелеріне, есінен танғанша басынан бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші ес-түссіз болса да, Жанболат өзінің кісі өлтіру ниетін жалғастырып, Жұманованы тағы бірнеше рет ұрып, ауыр дене жарақатын келтірген. Кейіннен оған шұғыл медициналық көмек қажет екенін түсініп, қылмыстық жауапкершілігін жеңілдету немесе қылмыстың салдарын азайту үшін жедел жәрдем шақырған. Шамамен сағат 14:30-да Жұманова Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда ол жансақтау бөлімінде мерт болды», – деді прокурор.

Еске салсақ, 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий