«Томирис» фильмінің жұлдызы табиғат аясындағы фотоларымен таң қалдырды

«Томирис» фильмінің жұлдызы табиғат аясындағы фотоларымен таң қалдырды
20.05.2025 21:01
0
60
Фото: instagram.com/almiratursyn

Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын табиғат аясында түсірілген жаңа суреттерімен Instagram парақшасын жаңартып, жанкүйерлерінің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Актриса Алматының маңындағы көрікті жерлерде серуендеп жүрген сәттерін бөлісіп, табиғаттың адамға беретін қуаты туралы ойымен бөлісті.

«Сізді не қуаттандырады? Өзімнен байқайтыным – табиғат, жер, жасыл желек, күн, таза ауа ерекше қуат береді. Алматушкеде өмір сүріп, қаланың күйбең тірлігінен қашып, табиғатқа шығу – нағыз бақыт пен нығмет! Сол үшін кейде істерді кейінге ысырып, ерте тұрып, 3-6-10 шақырым жүріп өтсе де тұрарлық», – деп жазды ол.

Актриса жақында екінші рет Қарғалы сарқырамасына барғанын айтып, келесі бағыттар мен шыңдарға баратын маршруттар жоспарын құрып қойғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Альмира Тұрсын тауға шығуға құмартқан оқырмандарына бейтаныс бағыттарға жалғыз бармауға кеңес берді. Бұл – қауіпсіздік үшін маңызды екенін ескертті.

Айта кетейік, Альмира Тұрсын тарихи «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдап, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий