Тоқаев бір топ әйелді марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйлеп бір топ қазақстандық әйелді марапаттады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл ақиқат. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын. Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген. Жұртымыз ең киелі құндылықтарға «Ана» сөзін қосып, «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек. Бұл мақсатты орындау – ұрпақтар алдындағы парызымыз. Өйткені ұлтымыздың болмысы, тілі мен ділі, салт-дәстүрі ұрпаққа ананың аялы алақанымен, тағылымды тәрбиесімен дариды», - деді президент.
Сондай-ақ президент жарлығымен ел дамуына қосқан үлесі және қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны үшін бір топ қыз-келіншек мемлекеттік наградалармен марапатталды.
I дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Шакира Ыдырысова– «Ыдырысова Ш.» ШҚ басшысы, (Жетісу облысы)
IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Дания Еспаева –Мәжіліс төрағасының орынбасары
Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен
Аягүл Өмірзақова – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
Әйгерім Райымқұлова – Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы;
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін
Ольга Перепечина –Сенат Төрағасының орынбасары
Снежанна Имашева – Парламент Мәжілісінің депутаты
Ғазиза Аманбай –І. Есенберлин атындағы № 25 гимназия директоры, Алматы қаласы
Мәнсия Бабашева– "Timal Consulting Group" ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы
Маржан Исаева – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ансамблінің солисі
Риза Қанатқызы – «Астана Балет» театры балетінің бірінші солисі
Гүлсәнім Жұмағалиева– Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері "Айбын" президенттік полкі Президенттік оркестрінің маманы
Гаухар Өмірзақова– "AlmaTime" тобының солисі, Алматы қаласы
Екатерина Смышляева – Парламент Мәжілісінің депутаты
Жұлдыз Өскембаева–Алматы қаласы полиция департаменті ансамблінің солисі;
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін
Татьяна Белоусова – № 95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі, (Алматы қаласы)
Ирина Смирнова – Парламент Мәжілісінің депутаты;
«Парасат» орденімен
Карина Абдуллина – әнші
Қамал Әлпейісова – жазушы
Кристина Шумекова – «Спортты дамыту дирекциясы» спортшысы
Батыршева Рухия – «Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі» мүғалімі (Ақтау қаласы)
Жеңіс Ысқақова – эстрада әншісі
Зәуреш Смағұлова – «Астана медицина университеті» Респираторлық медицина ғылыми-зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;
«Ел бірлігі» орденімен
Руфина Усанова– «Тугантель» облыстық татар мәдени орталығының төрағасы, (Алматы облысы);
«Құрмет» орденімен
Гүлжан Әлиайдар– Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының бөлімше меңгерушісі
Айнұр Арғынбекова – Парламент Сенатының депутаты
Зәйтуна Ахметжанова – «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының Шалқар аудандық пошта байланысы торабы жеткізу қызметінің сұрыптаушысы
Айсұлу Қалиева – Мемлекеттік күзет қызметінің бас инспекторы
Надежда Васильева – БҚО денсаулық сақтау басқармасы «Казталов ауданының 2-аурухана» директоры
Зоя Дүзбаева – «Алтай ауданы «Горняк» мәдени-демалыс орталығы» «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің жетекшісі
Гүлмира Жүсіпбекова – Жоғарғы Сот судьясы
Мария Зейнелова – еңбек ардагері (Астана)
Светлана Казакова – Ұлттық Банктің Қазақстан теңге сарайы» слесарі
Зарина Кармен – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының» әртісі
Салтанат Қасымова – Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары
Жанна Левкович– Павлодар облысының «А. Текенов атындағы № 2 орта білім беретін мектептің» қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Инара Намазбаева – Түркістандағы «Қуаныш» ЖШС директоры
Шолпан Көшенова – Бас прокуратура департамент бастығының орынбасары
Райхан Смағұлова – Ұлытау облысындағы «Ақерке» балабақшасы» директоры
Ирина Соловьёва – «Семейдегі Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» директоры
Гүлсімжан Төребаева – «Астана медицина университетінің» бас маманы
Сәлима Тұяқова – «Қазақстан Ұлттық кітапханасы» РММ қызмет жетекшісі
Лэйла Чалова – «Health and Science Center» жеке клиникасының бас дәрігері
Айсұлу Шуақбаева – «Өзенмұнайгаз» АҚ № 4 мұнай және газ өндіру басқармасының машинисі
Зәрипа Шолтанова – «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» басшысы
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Гүлдариха Алтаева– «Алтай жер» ШҚ механикаландырылған тоқ меңгерушісі.
Айбарша Бескемпірова – «Үштөбе-Айдын» ЖШС құрылтайшысы
Қаншыкүл Ісбасарова – Шымкент қаласы «№ 7 үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» әлеуметтік қызметкері
Зәуре Мұхамеджанова – "ЗИКСТО" ЖШС сылақшысы
Тамара Сабырова – «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Оксана Липатова– СҚО Полиция департаментінің аға тергеушісі
Роза Айтмырзаева – Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімінің бөлімше командирі
Жаңылсын Сағадат –Павлодар облысы полиция департаментінің аға тергеушісі;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Канон Сузуки – «Астана Балет» театрының балет әртісі – бірінші балет солисі
Қарлығаш Исмағамбетова – «Ақмола облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК қызмет басшысы,
Зарина Аппазова –Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық әскери оркестрінің аға музыканты
Сәуле Жидебаева – еңбек ардагері
Маржан Қарамурзина – Астана әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» мұғалімі
Наталья Корчагина – Президент Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК инженері
Бану Нарбекова – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры
Ботагөз Төлеш – суретші
Айнұр Тұңғышбаева – «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qyzylorda TV» Қызылорда филиалының бас редакторы
Татьяна Шилихина – «Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы» ЖШС Жәнібек АЭТ диспетчері
Мейранкүл Шолпанқұлова – «Боралдай Нан» ЖШС технологі
Ақерке Шопатаева – «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 үлгісіндегі әуе кемесінің екінші ұшқышы;
«Шапағат» медалімен
Мария Сурина – «Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Аида Кадын – «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ студенті.
Последние новости