Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді тездетуді тапсырды: Белгілі кәсіпкерлер төрт клубты өз қарамағына алмақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында төрт кәсіби футбол клубы жеке инвесторлардың басқаруына берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз», - деді Тоқаев
Алдын ала мәлімет бойынша, қарағандылық «Шахтер» клубын – Тимур Турлов, елордалық «Жеңісті» – Михаил Ломтадзе, петропавлдық «Қызылжарды» – Сергей Кан өз қарамағына алады. Ал қызылордалық «Қайсарға» жас кәсіпкер Исламғали Қозбақов инвестиция құймақ. Келісімшарт бойынша ол шамамен 12 миллиард теңгеге заманауи футбол академиясын салуды жоспарлап отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...